×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

"Музарт" тобының бұрынғы әншісі қайда жүр

10.03.2024, 15:34
Жеке парақшасынан

Әнші Мақсат Базарбаевтың "Музарт" тобынан кеткеніне 20 жылға жуық уақыт өткен, деп жазады Ulysmedia.kz.

"ХабарLike" бағдарламасының қонағы болған әнші өнерден алыстамағанын жеткізді. Ол Алматы қаласында "Алматы әуендері" ұжымында жұмыс істейді екен.

"Мемлекеттік қызметтемін. Өнерді бала кезден бастадым. 1998 жылы сахнаға шығып бастадым. 2001 жылға дейін "Бауыржан шоу" театрында әнші, актер болдым. 2001 жылы "Музарт" тобын құрдым. Топтың аты 6 айға дейін қойылмады. Үштік болдық. Ең алғаш "Сенің көзің" деген әнді жаздырдық. Арамызда Мейрамбек Бесбаев көшбасшы болды. Онымен бірге ән айтқаныма бақыттымын. Жігіттермен әлі күнге араласамыз. Бет жыртысып кетпедік. Қандай қуаныш, қайғы болмасын - біргеміз. Байланыстамыз", - деді Мақсат Базарбаев.

Серіктес жаңалықтары