×
452.92
484.99
5.12
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
452.92
484.99
5.12

Головкин қазақстандық боксшылармен кездесті

10.03.2024, 16:19
Olympic.kz

ҰОК президенті Геннадий Головкин Бусто-Арсициода бокстан сынға түсіп жатқан Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасымен жүздесті, деп жазады Ulysmedia.kz.

Olympic.kz-тің хабарлауынша, ҰОК басшысы Италияға арнайы келіп, бүгін бейресми жағдайда спортшылармен кездесу өткізген. Ол іріктеу турнирінің ең жауапты кезеңі алдында спортшыларға кеңесін айтып, қолдау танытты.

«Мұнда біздің командаға қолдау көрсету үшін келдім. Қазір әр боксшының алдында үлкен жауапкершілік тұр. Міне, осының бәрін қабылдай білу қажет. Шаршы алаңда үш раунд бойы бар күшті салып, мүмкіндікті жібермеу керек. Қазақ бокс мектебі әлемдегі ең мықты мектеп саналады. Сондықтан бізге бұл дәстүрді жалғастыру үшін аянбау керектігін ұмытпайық. Біз - бір командамыз. Мен үнемі сіздермен біргемін, әрдайым қолдауға дайынмын», - деді Головкин бапкерлер мен боксшылар қауымына.

Өз кезегінде Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов қолдау білдіріп, ағалық ақылын айтқан Головкинге ризашылығын жеткізді. 

«Бізге қолдау көрсетіп, рухымызды көтергеніңіз үшін алғысымыз шексіз. Сізді көргенімізге шын жүректен қуаныштымыз. Біздің мақсатымыз бір — еліміз үшін лицензия алу. Қолымыздан келгенше аянып қалмаймыз», - деді ол. 

Серіктес жаңалықтары