×
447.89
476.78
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.89
476.78
4.79

Қырғызстанда жеті атаға дейін қыз алыспау заңмен бекітіледі

11.03.2024, 15:27
Фото: svadbann.ru

Қырғызстанның Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі әзірлеген Отбасы кодексінің жаңа жобасында некеге тұруға рұқсат етілмейтін азаматтардың санаттары айқындалған. Оған сәйкес, енді жеті атаға дейін туыс саналатын жастар шаңырақ көтере алмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қырғызстанда сондай-ақ келесі санаттарға жататын азаматтар бір-біріне үйлене алмайды: 

өзге адаммен некеге тұрғандар;

жеті атаға дейін туыстас жандар; 

асырап алушы мен асырандылар;

жазасын өтеп жатқан сотталғандар;

бір жынысты адамдар. 

Бұл санаттарға жатпайтын жастар өзара келісімі болған жағдайда және 18 жастан асқан болса, еш кедергісіз некеге тұра алады. Үйленер алдында олар бір-біріне өздерінің денсаулық жағдайын хабарлауы тиіс. Бұл үшін олар арнайы медициналық тексеруден өтеді. Оның қорытындысы медициналық құпия болып саналады. 

Еске салайық, мұндай тәртіп қазақ дәстүрінде де бар. Алайда Қазақстанда мұндай заңды талап жоқ. 

Серіктес жаңалықтары