×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Прокурор экс-министр Бишімбаевтың ісінің мән-жайын айтып берді

11.03.2024, 15:47
Прокурор экс-министр Бишімбаевтың ісінің мән-жайын айтып берді
Коллаж: ulysmedia.kz.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Прокурор не дейді

Прокурор іс бойынша айыптау актісін оқыды. Мемлекеттік айыптаушы Бишімбаев Нүкенованың әр адымын аңдып, қозғалысын бақылап, ақшалай табыс әкелетін ісімен айналысуға тыйым салып, талап қойғанын айтады. Материалдық тұрғыда тәуелді еткенін атап өтеді. 

Оның (Нүкенованың) бұрынғы өткен өмірін айтып, қадір-қасиетін қорлап, физикалық артықшылығын пайдаланған, зорлық-зомбылықты жүйелі түрде жасаған. Қолымен, жұдырығымен басынан, қолынан сабаған. Алайда Нүкенова құқық қорғау органдарына жүгінбеген.

2023 жылдың наурыз айында Бишімбаев Астанадағы үйінде жүйелі түрде қызғанышпен Нүкенованы ұрып тастаған. Аяғымен, қолымен сабаған. Физикалық зиян келтірген. Нүкенова сабалған бет-жүзінің суретін ағасы Айтбекке жіберген. Айтбек екеуінің үйіне барып, Салтанаттан Қуандықпен ажырасуды сұраған. Алайда Нүкенова ажырасудан бас тартқан, - дейді прокурор.

Мемлекеттік айыптаушы Бишімбаев Нүкеновадан жалаңаш суретке түсуді талап еткенін айтады. Нүкенова осы талапты істеуге қорыққанынан келіскенін жеткізеді. Сол арқылы Бишімбаев Нүкенованың өзіне деген тәуелділігін күшейткісі келгенін айтады.

Жазда Нүкенова Алматыда тұруды ұсынған. Соңғысы келісіп, көшуге келіскен. Нүкенова басқа қалаға көшсек, қарым-қатынасымыз түзеледі деп үміттенген. Алайда Алматыда Бишімбаев Нүкенованы азаптауды жалғастырған, аз ғана себеп тауып, сабаған. 

2023 жылдың қазан айының соңында Бишімбаев тағы жанжал шығарып, Нүкенованы тағы сабаған. Ал 8 қарашада Бишімбаев Нүкеновамен және Салтанаттың тағы бір құрбысымен Астанадағы ресейлік әнші Дима Биланның концертіне барған. Сол кезде екеуі тағы жанжалдасып қалған. Екеуі «Бау» мейрамханасына жаяу барып, шарапқа тапсырыс берген. Төрт бөтелке шарап ішілген. Жанжал барысында Нүкенова Бишімбаевтан шаршағанын, кететінін айтқан. Ағасы Айтбекке хабарласып, соған кетуге тырысқан. 9 қарашада сағат 00.30 қарай Бишімбаев Нүкенованы ағасына жібермей, сағат 02.19-да екеуі «Бау» мейрамханасына қайта көтеріледі. Вип-залға өтеді. Бишімбаев шарап алып, вип-залға барады. Осы кезде тағы бір-біріне айғайлай бастаған. Бишімбаев осы кезде «сен шалавасың» деп қорлап, сатып алған заттарын бұлдап, айыптаған. Салтанат зергерлік бұйымдары мен киімдерінің бәрін лақтырып тастаған.

Нүкенованың басынан, өмірлік маңызды органынан жұдырығымен соққан. Соңғысында қатты ауырсынуды сезініп, еденге құлаған. Осыдан кейін Бишімбаев күзгі аяқ киімімен Нүкенованың қорғанған денесін, бөкселерінен тепкілей бастаған. Әрі қарай Нүкенова вип-залдың дәретханасына кіріп, есігін жауып алған. Бишімбаев есікті бұзып кіріп, Нүкенованы суырып алған. Соққы жасап, ерекше қатігездікпен азап шектіруді жалғастырған. Жұдырығымен соққы жасаған. Соққы беру барысында азап шектіріп, тұншықтыра бастаған. Соңғысы талып қалған. Нүкенова есін жиған кезде Бишімбаев қайта сабаған. Ақыры сабап, Нүкенова ессіз қалып, өмір белгісін көрсетпей қалғаннан кейін ғана тоқтаған. Садизм көрсетіп, Нүкенова солай көз жұмған, - дейді прокурор.

Прокурор осыдан кейін Бишімбаев бауырын шақырып, «Бау» мейрамханасындағы бүкіл видеоны жоюды талап еткенін, осылайша, қылмысын жасырмақ болғанын айтады.