×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Бишімбаев Нүкенованы қорқытып жалаңаш күйде видеоға түсірген – прокурор

11.03.2024, 17:45
Фото: ашық дереккөз

Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Прокурор айыптау актісін оқып, Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова арасындағы шиеленіскен қарым-қатынасқа тоқталды.

Айыптау тарапы бұрынғы Ұлттық экономика министрі Нүкеноваға қарсы жүйелі түрде күш қолданғанын алға тартады. Оның туыстарымен және достарымен сөйлесуге тыйым салғаны, оның қоңыраулары мен қозғалысын бақылағаны, сондай-ақ Нүкеноваға жұмыс істеуіне жол бермей, оны материалдық жағынан тәуелді еткені айтылды.

Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушы Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы интимдік видеоға түсуге мәжбүрлегенін хабарлады.

Нүкенова қорқып, еркінен тыс бұл талапты орындап, киімсіз видеоға түсуге мәжбүр болды, - деді ол.

Бишімбаев пен кісі өлтіру оқиғасы болған Гастроцентр директоры Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс 26 ақпанда сотқа жіберілді.

Экс-министр Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі, 5-тармақ (кісі өлтіру, басқа адамға қасақана қасақана өлім жасау, ерекше қатыгездікпен), сондай-ақ 110-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы (жүйелі түрде ұрып-соғу жолымен немесе өзге де зорлық-зомбылықпен физикалық және психикалық азап шектіру) бойынша айып тағылған.

Экс-министрдің туысы - Байжановқа Қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасыру) және 434-бабы (жасалған аса ауыр қылмыс туралы сенімді түрде хабарламау) бойынша айып тағылуда.

Ulysmedia.kz жаңалықтарды бақылап отыр.

Серіктес жаңалықтары