×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алты айда 342,8 млн теңге тапқан: Астана тұрғыны криптовалюта сатқаны үшін сотталды

12.03.2024, 15:12
Алты айда 342,8 млн теңге тапқан: Астана тұрғыны криптовалюта сатқаны үшін сотталды
Фото: Ашық дереккөзден

Сот үкімімен криптовалютаны заңсыз айырбастағаны үшін қала тұрғыны мүлкі тәркіленіп, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана қаласы прокуратурасының хабарлауынша, кінәлі тұлға қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер саласында лицензиясыз айырбастау қызметімен айналысып, 6 айдың ішінде 342,8 млн. теңге сомасында аса ірі мөлшерде заңсыз табыс алған.

– Прокурордың талабымен сотталғаннан заңсыз алынған 342,8 млн теңге сомасындағы табыс мемлекет пайдасына өндірілді, – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.