×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Сот шешеді – Бишімбаевтың анасы ұлына шығатын үкім жайлы

12.03.2024, 18:24
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова бүгін алдын ала тыңдау барысында журналистердің сұрағына қысқа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлмира Нұрлыбекова сотқа Қуандық Бишімбаевтың қоғамдық қорғаушысы ретінде қатысып отыр.

Журналистердің ұлына қандай үкімді әділ деп санайтынын сұрағанда, экс-министрдің анасы қысқа жауап берді "Сот шешеді" деді ол.

Ол ұлының қоғамдық қорғаушысы болуы Конституцияда жазылғанын айтты. БАҚ қызметкерлерінің басқа сұрақтарына Нұрлыбекова жауап бермеді.

Алдын ала тыңдау

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары