×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Президент Ғани Қалиевтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

13.03.2024, 18:52
Фото: inbusiness.kz

Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Ғани Қалиевтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі саясаткер және қоғам қайраткері, ғалым Ғани Қалиевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

Ғани Әлімұлы ауыл шаруашылығы саласының алға басуына бар күш-жігерін жұмсады. Парламент депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы ретінде еліміздің саяси-демократиялық дамуына атсалысып, отандық заңнаманы жетілдіруге зор үлес қосты. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Еске салсақ, 12 наурыз күні 86 жасқа қараған шағында белгілі ғалым, академик Ғани Қалиев қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары