×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Құран ұстап жалынса да қашыңдар" - Түсіпбаева зорлық-зомбылық жайлы

17.03.2024, 14:57
"Құран ұстап жалынса да қашыңдар" - Түсіпбаева зорлық-зомбылық жайлы
Жеке парақшасынан

Еліміздің эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаева өзінің әлеуметтік парақшасында қоғамда қызу талқыланып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты ойын ортаға салды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Танымал әнші отбасында зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге еш ойланбастан қашуға кеңес берді.

"Қайда қарасаң да, жапа шеккен әйелдер ғой. Құдай сақтасын, кейбір қазақтың еркектері не болып кеткен?! Болашақ стипендиясын алып, шетелде оқыған, көзі ашық, көкірегі ояу бауырымыздың ісі анау. Енді ештеңе көрмедім, ештеңе білмедім деп отыр. Қыздар, ұрмақ түгілі, балағаттап жіберсе де қашыңдар! Адам өзгермейді! Аяғыңа жығылып, Құран ұстап жалынса да, 8-9 балаңыз етекке оралып жатса да қашу керек! Әйтпесе тым кеш болады", – деп жазды эстрада жұлдызы. 

Естеріңізге салсақ, былтыр елде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел мен жеті бала қайтыс болған.