Ішкі істер министрі Ержан Саденов полиция Астанадағы сауда, ойын-сауық орындарының бірінде азаматты соққыға жыққан боксшы Бейбіт Шүменовті әлі іздеп жатқанын айтты, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Тілшілер ведомство басшысынан Ішкі істер министрлігі боксшы Бейбіт Шүменовті іздеп жатыр ма, оны неге ұзақ іздеп жатырсыздар, ол АҚШ-та күнге қыздырынып жатқан сияқты деп сұраған Мәжілістің кулуарында.
Ержан Саденов полиция жұмыс істеп жатқанын жеткізді.
Ол іздеуде. Тиісті шараны қабылдап жатырмыз. Болашақта елге қайтаруға тырысамыз, - деп жауап берді ол.
Еске салсақ, былтыр танымал боксшы Бейбіт Шүменов Астанадағы сауда, ойын-сауық орнында ер адамды ұрып жыққан. Таяқ жеген Қырғызстан азаматы болып шықты. Осылайша, істі қырғызстандық шенділер бақылауға алды.
Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева боксшы Бейбіт Шүменовтің шулы төбелесіне қатысты пікір білдіріп, оны жазалауды талап еткен.
Кейін боксшының ісіне қатысы бар полицейлер жазаланды, олар Шүменовті босатып жіберген болатын.
Бұдан соң Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталындағы дерекке қарағанда, Бейбіт Шүменовке 22 шілдеде еліміздің Ішкі істер министрлігінің бастамасымен Астана қаласының Есіл аудандық Полиция басқармасы іздеу жариялаған.