×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Парламент вейпке тыйым салатын заңды қабылдады

20.03.2024, 16:41
Коллаж: Ulysmedia

Отырыс барысында Мәжіліс депутаттары бұған дейін сенаторлар ұсынған түзетулерге дауыс берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Мәжіліс депутаттары сенаторлар ұсынған заң жобасындағы вейпке тыйым салуды қамтитын түзетулерді қолдап дауыс берді. Енді Қазақстан президентінің қол қоюы ғана қалды.

Айта кетейік, бұған дейін Сенаттың жалпы отырысында депутаттар денсаулық сақтау туралы заң жобасын екі оқылымда қарап, Мәжіліске қайтарған болатын. Екінші оқылымда сенаторлар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен шегілмейтін темекі өнімдерін сату және пайдалану нормасын алып тастауға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізді, себебі қылмыстық жауапкершілік бұрыннан бар.

 

Серіктес жаңалықтары