×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Екібастұздағы 7 жасар Милананың өлімі: алдын ала тыңдау күні белгіленді

21.03.2024, 11:21
шартты сурет

Сотта алдын ала тыңдау 26 наурызда өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі Милана Давыдованы өлтіру ісі бойынша алдын ала тыңдау 26 наурыз күні таңғы 10-ға белгіленгенін хабарлады. Отырыс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтеді.

Өткен аптада істің сотқа келіп түскені белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 17 қарашасында Милана Давыдованың анасы Екібастұз полициясына жүгініп, оның жоғалып кеткенін мәлімдеген еді. Қызды бүкіл жұрт болып бірнеше күн іздеген. Әкесі оны ұрлап кетуі мүмкін деп болжады.

Кейінірек полиция Милананың анасын қызын өлтірді деген күдікпен ұстады. Ата-анасымен бірге оның "сыбайласы" ұсталды.

Қайғылы оқиғадан кейін Қоянды ауылдық округінің әкімі мен Екібастұздың әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы қызметтен босатылды.

Екібастұз әкімі Аян Бейсекин, оның әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары Айзада Құрманова, сондай-ақ облыстың білім және әлеуметтік қорғау басқармаларының басшысы Самал Айтқазина мен Альмира Дүсіпова сөгіс алды.

Серіктес жаңалықтары