Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттеріндегі жағдай жөнінде түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы өткізу пункттерінің алдында Қазақстан Республикасынан шығуға адамдардың, көлік құралдарының жиналуы байқалатынын хабарлайды.
- Бұл «Наурыз мейрамын» мерекелеу кезеңінде елімізден басым бөлігі шетелдік азаматтардың шығуына, сондай-ақ «Қапланбек», «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» өткізу пункттерінің қайта жаңартылуына байланысты – деп түсіндіреді комитет.
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылады, өткізу пункттеріндегі жағдайды бақылау бойынша шаралар қабылданған.