×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

Қазақстанда өтетін Көшпенділер ойынына әлемнің 100 елінен өкілдер қатысады

21.03.2024, 18:49
Қазақстанда өтетін Көшпенділер ойынына әлемнің 100 елінен өкілдер қатысады
Мәжіліс

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына қанша күн қалғанын көрсетіп тұратын кері санақ тақтасын салтанатты түрде іске қосу рәсіміне қатысты. Бүгіннен саналса, Қазақстанда өтетін көшпенділер ойындарына 171 күн қалды.

Жиынға Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов қатысты.

– Осы дүбірлі жарысты Қазақстанда абыроймен өткізу – баршамыз үшін үлкен мәртебе, зор жауапкершілік. Мемлекет басшысы бұл доданы жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Біз Көшпенділер ойынын сән-салтанатымен лайықты деңгейде өткіземіз деп зор сеніммен айта аламын. Бұл сайыс бауырлас түркі халықтары арасындағы өзара ынтымақтастық пен мәдени қарым-қатынасты арттыруға тың серпін береді. Елдеріміздің арасындағы рухани байланысты одан әрі нығайта түседі деп сенемін, – деді Мәжіліс спикері.

Қазақстанда өтетін Көшпенділер ойынына әлемнің 100 елінен өкілдер қатысады деп күтіліп отыр. Қазірдің өзінде 60 елдің келісімі бар. Спорттың 20 түрінен 4 мыңға жуық қатысушы сынға түседі. Ұлы Дала төсін дүбірге бөлейтін мереке бір аптаға созылады.