×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

БҰҰ Қазақстан Үкіметін қарақалпақ белсендісіне саяси баспана беруге шақырды

22.03.2024, 10:18
БҰҰ Қазақстан Үкіметін қарақалпақ белсендісіне саяси баспана беруге шақырды
vlast.kz

Біріккен Ұлттар Ұйымы саяси баспана іздеп жүрген бес қарақалпақ белсендісінің жағдайына байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне үндеу жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БҰҰ не дейді

Ұйым Өзбекстанның экстрадициялау жөніндегі сұранысына байланысты қарақалпақ белсенділері Жангелді Жақсымбетов, Райса Құдайбергенова, Зиуар Мирманбетова және Тілеубике Юлдашева Қазақстанда 2022 жылдан 2023 жылға дейін 12 ай мерзімге қамауға алынғанын еске салды. Төртеуі де Қазақстаннан саяси баспана беру жөнінде өтініш білдірген. Барлық өтінішхат орындаудан жергілікті атқарушы органдар бас тартқан. Қазір өтінішхаттар сот сатыларында қаралып жатыр.

2024 жылдың 15 ақпанында Алматы полициясы қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратовты ұстаған еді. Мұратоытың өзін Өзбекстан билігі мемлекетаралық іздеуге жариялаған. Қазір ол Алматыда №18 уақытша оқшаулағышта отыр. 23 ақпанда Мұратов Алматының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына саяси баспана беру туралы өтініш берген.

- Қазақстандағы БҰҰ ҚР Үкіметін барлық қарақалпақ белсенділеріне баспана беру туралы өтінішхаттардың ұлттық және халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес, баспана берудің әділ және тиімді рәсімдері арқылы және шыққан елдегі жағдай туралы ең өзекті ақпаратты ескере отырып, шағымдануын қамтамасыз етуге шақырады, – делінген ұйымның үндеуінде.

БҰҰ Қазақстанда баспана беру 1951 жылғы босқындар мәртебесі туралы Конвенцияда және ҚР ратификациялаған 1967 жылғы хаттамада көзделгендей босқындар проблемасының Әлеуметтік және гуманитарлық сипатын тану белгісі ретінде саяси емес гуманитарлық акт болатынын еске салады. Қазақстан Үкіметін ешбір адамның өз еркіне қарсы қандай да бір жолмен шығарылмауын қамтамасыз етуге шақырады.