Мәскеудің Басманский аудандық соты "Крокус Сити Холлда" адамдарға шабуыл жасады деп айыпталған екі айыпталушыны екі айға қамауға алу жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Іс бойынша әзірге айыпталушының екеуі - Далерджон Мирзоев пен Саидакрам Рачабализодеге адамдар тобымен теракт жасау бабы бойынша (Ресей қылмыстық кодексінің 205-бабының 3-бөлігі "б" тармағы) айып тағылды. Бұл қылмыс үшін 15 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған.
Сот залына бірінші болып Далерджон Мирзоевты әкелді. Сот отырысы барысында оның 32 жаста, үйленгені және төрт баласы бар екені белгілі болды. Мирзоев Новосибирскіде уақытша тұрған. Орыс тілін білмейді әрі аудармашы арқылы тәжік тілінде сөйлеседі. Мирзоевтың бет-жүзінде соққы іздер көп. Бұрын тараған бейнелерде болмаған көгеру іздері көрінеді.
Сотқа жіберілген екінші айыпталушы Саидакрам Рачабализоде 30 жаста. Үйленген әрі бір баласы бар. Судья орыс тілін түсінесіз бе деп сұрады. Оған аудармашы “иә” деп жауап берді, бірақ айыпталушы тәжік тілінде сөйледі. Рачабализоде Ресейде тіркеуі бар екенін айтты, бірақ қай жерде екенін есіне түсіре алмады. Соттың суреті оның құлағындағы таңғышты көрсетеді. Соттың мәліметі бойынша, екеуі де өз кінәсін мойындаған.
25 жастағы Фаридун Шамсутдин мен Муххамадсобир Файзов та сол залына жеткізілді. Соңғысы есін білмейді. Оны сотқа каталкамен сүйреп әкелді.
Фаридун Шамсутдин 1998 жылы туған. Тәжікстан азаматы. Сегіз айлық баласы бар. Ал Файзов 2004 жылғы. Бұған дейін барбершопта шаштараз болған. Иваново қаласында тіркелген. Фаридуни ресми түрде Подольск фабрикасында жұмыс істеген. Красногорскте тіркелген.
Журналистерден айыпталушыларға сұрақ қоймауды сұрады, содан кейін сот отырысы жабық өтетіні белгілі болды. Тергеуші ашық тыңдау "тергеу құпиясын ашуға әкелуі мүмкін" және "процеске қатысушылар мен олардың туыстарының қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін” деп мәлімдеді.
Мәскеудегі теракт
Естеріңізге сала кетейік, 22 наурыз күні кешке Мәскеудегі Крокус-Ситиде теракт болды. Белгісіз біреулер концерт залына кіре берістегі күзетшілерге оқ жаудырған. Содан кейін олар фойедегі көрермендерді атты. Қаза тапқандар саны жүзден асып кетті. Бұл лаңкестік оқиға ТМД елдеріндегі соңғы жылдардағы ең ірі терактілердің бірі болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсететінін айтты.