×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Ереванда полиция бөлімшесіне қарулы адамдар шабуыл жасады

25.03.2024, 13:29
Нарек Галстян/ ТАСС

Еревандағы Нор-Норк әкімшілік ауданында орналасқан полиция бөлімшесіне қарулы адамдар басып кірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға орнына полицияның қосымша күштері, жедел жәрдем және төтенше жағдайлар қызметі, Армения полициясының арнайы жасағы аттанды. Алаң қоршауға алынды.

ТАСС тілшісінің хабарлауынша, қолына гранатаға ұқсас зат ұстаған белгісіз біреу Армения премьер-министрі Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп есік алдына шығып, қайтадан ғимаратқа кіріп кеткен.

Армения ІІМ баспасөз хатшысы Нарек Саркисян бұл ақпаратты растады.

Оның айтуынша, полиция бөлімшесіне басып кірген үшеудің екеуі гранатаның жарылуы салдарынан жарақат алған.

— Шабуыл жасаған үш адам болды, олардың екеуі өз гранатасының жарылуы салдарынан жараланды. Біреуі әлі станцияда. Оны залалсыздандыру шаралары жүргізіліп жатыр - , деді ол.

Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл салдарынан полиция қызметкерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Кейін Армения Ұлттық қауіпсіздік қызметінің арнайы жасағы шабуылдаушыны ұстады.

Серіктес жаңалықтары