×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Қонаевтағы бойжеткеннің өлімі: полиция оқиға туралы мәлімдеме жасады

25.03.2024, 15:39
Ашық дереккөзден

Қонаев қаласында 18 жастағы бойжеткеннің өліміне қатысты Алматы облысының полиция департаменті мәлімдеме жасады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Полицияның мәліметінше, 21 наурыз күні Алматы қаласының полициясына Алматы облысының аумағында кісі өлтіру туралы хабарлама келіп түсті.

«Бұл ақпаратты біз дереу тексеріп, нәтижесінде 2006 ж.т. қызды өлтіру дерегі расталды. Қонаев қаласының полициясында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 2001 және 2003 жылы туған екі күдікті азаматты анықтап, ұстады», - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Тергеу барысында күдіктілер 15 наурызға қараған түні жас қызды Қонаев қаласының шетінде орналасқан адам жүрмейтін жерге апарып өлтіргені анықталды.

«Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде кісі өлтіруді екі күдікті жасағаны анықталды және олар қамауға алынғанын хабарлаймыз. ҚР ҚПК талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды», - деп толықтырды облыстың бас полицейі.

Айта кетейік, марқұмның есімі – Жаннұр, ол небәрі 18 жаста болатын, аспазшы мамандығы бойынша колледжде оқып жүрген.

«Туыстарының айтуынша, өліміне күдікті төрт адам – Қонаев қаласының тұрғындары. Олардың жасы – 18-21 аралығында. Жаннұр олардың бірімен жақында, 7 наурыз күні танысқан. Шамамен 14-15 наурыз аралығында аяусыз соққыға жығып, өлтіріп кеткен. Туыстары келтірген тағы бір мәліметте күдіктілер бойжеткеннің телефоны арқылы несие алып, қала сыртына шығарып, сойылмен ұрып-соққаны айтылады. Содан кейін Бақанас бағытына қарай далада өлу үшін қалдырып кеткен. Туыстарына оның мәйіті 21 наурызда табылғанын хабарлады», - деп жазады «Немолчи» қоры.

Серіктес жаңалықтары