×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Жұмыс орындарын кім сақтайды»: Шарлапаев утиль алым төмендемейтінін мәлімдеді

27.03.2024, 12:14
Коллаж: ulysmedia.kz.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстанда утилизациялық алым төмендемейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Утильалым бойынша қазір біз ешқандай өзгеріс жасамаймыз. Мен қазір өнеркәсіп және құрылыс министрімін. Менің ең басты жұмысым – кәсіпорындарды дамыту, олардың қуаттылығын арттыру. Қазіргі таңда Қазақстанда автозауыт салып жатырмыз. Қаншама адам жұмыс істейді. Оны ешкім санамайды. Ең алдымен, бүкіл текетірес неге байланысты? Екі зауыт салынып жатыр. Киа зауыты 2025 жылдың ортасында аяқталады. Екінші зауыт Алматы облысында салынады. Онда 90 мың көлік шығарылады. Жұмыс орындарды кім сақтайды? Мен депутаттарды осы сұрақты қойғым келеді, – дейді Шарлапаев.

Оның айтуынша, Қазақстанда көлік бағасы басқа елдермен салыстырғанда “сәл жоғары немесе тең”.

– Қазақстанда жұмыс орындарын сақтау үшін бізге протекционизм қажет, – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары