×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Мәскеудегі теракт: «Уәлаят Хорасан» ұйымы Қазақстанға қаншалықты қауіпті

27.03.2024, 13:24
шартты сурет

Бұл сұрақты журналистер мәжіліс кулуарында депутат Айдос Сарымға қойған. Мәжілісмен қауіпті деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мен ол Қазақстан үшін қауіпті деп ойлаймын. Ол ұйымның ішінде Орталық Азиядан шыққан азаматтар бар. Бұл ақшасы бар мотивациясы жоғары адамдар. Террористік акт жасау үшін тұтас армия жасақтаудың қажеті жоқ. Мемлекетті де, адамдарды да қытта зардап шектіре алатын бір немесе екі адамды ғана тартса болды. Олардың ішінде жауынгерлік даярлығы бар қаншама адам барын да көріп отырмыз. Сол себепті біз әлбетте, өзіміз шектесіп жатқан мемлекеттердің бәрімен жұмысты күшейтуіміз керек. Атап айтқанда, арнайы қызметтер бағытында алмасу керек. Екіншіден, біз полиция органдары көші-қор режимін өте нақты жүргізгенін талап еткен дұрыс. Үшіншіден, қоғам ретінде де өзгеруіміз керек. Біз немқұрайлы болмауымыз керек, – дейді Айдос Сарым.

Депутат бір мысал келтіреді: кеше ғана Өзбекстанда болып қайтқанын, ол жақта махалля деген қызметкер барын айтады. Мәселен, шетел азаматы бір аулаға кірсе, оған міндетті түрде бір егделеу кісі келіп, неге, қай жерге, не үшін, қайдан келген сұрайды.

Осыны көріп, Өзбекстан полиция-мемлекет деген түсінік қалыптасуы мүмкін. Бұл тәртіпті қамтамасыз етуі керек. Әлемдегі бірде-бір арнайы қызмет өз қоғамына сүйенбей еңбек ете алмайды. Сол себепті біз де біз тұратын көпқабатты үйде қанша адам үй жалдайтынын, қай пәтерде қандай отбасылар тұратынын білуіміз керек. Бәлкім, түнде көрші пәтердегі түсініксіз біреулер қап-қабымен бірдеңе көтеріп жүретін шығар. Соның бәрін бақылау біздің азаматтық мәдениетке айналуы тиіс, – дейді депутат.

Мәскеудегі теракт

22 наурыз күні кешке Мәскеудегі Крокус-Ситиде теракт болды. Белгісіз біреулер концерт залына кіре берістегі күзетшілерге оқ жаудырған. Содан кейін олар фойедегі көрермендерді атты. Қаза тапқандар саны жүзден асып кетті. Бұл лаңкестік оқиға ТМД елдеріндегі соңғы жылдардағы ең ірі терактілердің бірі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсететінін айтты.

24 наурызда Мәскеудің Басманский аудандық соты "Крокус Сити Холлда" адамдарға шабуыл жасады деп айыпталғандарды қамауға алды.

22 наурыздағы шабуыл үшін жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" (ИМ) тобы өз мойнына алған. АҚШ шенеуніктері бұл оқиғаның артында "Уәлаят Хорасан" (УХ) аймақтық ИМ ұяшығы тұрғанын айтқан.

Серіктес жаңалықтары