×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Ресейде коронавирус жұқтыру саны рекордтық көрсеткішке жетті

31.10.2021, 16:59
Фото: ашық дереккөз

Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырудың расталған жағдайларының саны 40 993-ке, жалпы саны – 8 513 790-ға жетті. Бұл – пандемия басталғалы тіркелген ең көр көрсеткіш, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ТАСС-тың мәліметінше, бұл туралы аурумен күрес жөніндегі жедел штабтың жексенбі күнгі мәліметінде көрсетілген.

Салыстырмалы түрде ауру жұқтырушылар санының өсімі 0,48%-ды құрады. Штаб хабарламасы бойынша, қазіргі уақытта ем қабылдап жатқан науқастар саны - 916 713 адам.

Бір тәулікте 27 115 ресейлік сауығып шыққан. Емделіп шыққандардың жалпы саны – 7 358 539 адам. Сондай-ақ, сауығып шыққандар үлесі ауру жұқтырғандардың жалпы санынан 86,4%-ға дейін төмендеген.

Ресейде бір тәулікте коронавирустан 1 158 адам көз жұмған. Қайтыс болғандардың жалпы саны 238 538 адамға жетті.

Серіктес жаңалықтары