×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Сілеті қоймасы екі облысқа қауіп төндіре ме

31.03.2024, 09:44
Ашық дереккөзден

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов пен төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Жомарт Асқаров Ерейментау ауданына барды, деп жазады Ulysmedia.kz.

ТЖМ өкілдері Сілеті су қоймасын аралап, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын су баспас үшін су ағызу мәселесін талқылады. 

Күн күрт жылынып, сай-саланы сарқырай аққан қарғын су кемерінен асып кетсе, Сілеті су қоймасы қауіпті учаскелердің біріне айналатынын атап өткен жөн.

Қоймадан асау аттай арындай келетін мол су Сілеті өзеніне қосылғаннан кейін оның жағасын мекендеген ауылдарды үлкен әбігерге салып жатады.

Сілеті су қоймасы Степногорск қаласынан 90 км қашықтықта, Ерейментау ауданының аумағында Сілеті ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 1 км жерде орналасқан.

Серіктес жаңалықтары