×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қызды арқалаған жігітті жұрт арқасынан қақты

31.03.2024, 16:18
бейнежазбадағы кадр

Әлеужеліде ағынды судан өте алмай тұрған қызды арқалап судан өтуіне көмектескен жігіттің әрекеті Қазнет қолданушыларын тәнті етті, деп жазады, Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода көшеде келе жатқан екі азаматтың  бірі судан өте алмай тұрған қызды байқап, оны құрғақ жерге арқалап апарады.

Кейін BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев видеодағы жігіттің өзі басқаратын компанияның Астанадағы нысандарының бірінде қызмет ететін азамат екенін айтты.

“Оның есімі – Қапият Дәулет, біздің қатардағы қызметкер, Астанадағы нысандардың бірінде жедел есеп маманы. Қиын жағдайда сөзсіз көмекке келетін жігіттерді мақтан тұтамын. Осы бір топан су күнінде апатты жеңуге көмектесетін де дәл осындай жігіттер”, – деп жазды Рахымбаев Facebook парақшасында.

Сонымен қоса Рахымбаев су басқан өңірлерге компаниясының қаржылай көмекті арттыратынын атап өтті. 

“Нағыз жігіттер осындай қиын кездерде сыналады. Дәулет деген біздің қарапайым жұмысшы, нағыз азамат. Ең бастысы, ел басына күн туғанда бірігіп, бір-бірімізге көмек көрсетсек, бәрін жеңеміз”, – деп жалғады ол.

Серіктес жаңалықтары