×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Ресей дума депутаты таратқан ақпаратты «қауесет» деп атады

02.04.2024, 20:41
Қазақстан Қорғаныс министрлігі Ресей дума депутаты таратқан ақпаратты «қауесет» деп атады
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Татарстанға беспилотник Қазақстаннан шабуылдады деген сөзді жоққа шығарды,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қорғаныс министрлігі не дейді?

– Кейбір Telegram-каналдарда Татарстан Республикасының объектілеріне шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай жалған мәлімет Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған. Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына таралған қауесеттерге мән бермеуін және тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз, – делінген министрліктің хабарламасында.

Ақпарат қайдан тарады?

Еске сала кетейік, бүгін Ресейдің мемлекеттік дума депутаты Андрей Гурулев бүгін Татарстанның Елабуга мен Нижнекамскіне шабуыл жасаған дрондар "Орталық Азия даласынан ұшырылған болуы мүмкін" деп мәлімдеген еді. Депутат ұшқышсыз ұшақтардың ұшу орны мен ұшу траекториясын мамандар анықтауы тиіс дейді. Ол дрондардың Украина аумағынан Татарстанға ұшқанына күмән келтіреді. 

Татарстанға жасалған алғашқы дрон шабуылы Украинаның Ресей аумағына ең алыс шабуылына айналды. Ұшқышсыз ұшақтар 1,5 мың шақырымға дейінгі аралықты басып өткен. Екі дрон Нижнекамскідегі МӨЗ-ге шабуыл жасауға тырысқан, тағы екеуі "Алабуга" АЭА аумағына түскен. Ресейдің ресми билігі соның салдарынан 12 адам зардап шеккенін хабарлайды.