×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қаңтарда Ту көтерген Берік Әбішев Түркияға емделуге аттанды: ол көмекке мұқтаж

03.04.2024, 19:54
Коллаж: ulysmedia.kz.

Басына оқ тиіп, бірнеше ота жасатқан Берік Әбішев 2 жылдан аса ем алып келеді. Енді Түркияға барып жалғастырмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Сіздерге рақмет!”

Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтың шетелге емге кеткені жайлы видеоны aza_apendi2 атты тикток қолданушысы жариялады. Ол бейнежазбада Берік Әбішевтің өзі Түркияға баратынын айтқан

Халқым, ағайындар, сіздерге рахмет көп-көп. Ыстамбұлға кетіп бара жатырмын. Емделуге. Сендер қолдадыңдар. Енді соны ақтауға барлық жігерімді, күшімді жұмсаймын! – деп еміне қаржы жинаған халыққа алғысын да жеткізген.

Берік Әбішевтің шетелде емделуі үшін қаржы қажет екені жайлы бұған дейін біздің редакция ақпарат жариялаған болатын. Сол аралықта 5 миллион теңгеден аса қаражат жиналыпты. Видео авторының айтуынша, толық еміне қажет қаржы 12 миллион теңге шамасында екен. 

Еске сала кетсек, Берік Әбішев 2022 жылдың 6 қаңтарында Алматыдағы бейбіт шеруге қатысқан. Сол уақытта қолына ту ұстап, топ алдында тұрған видеосы кең таралып кеткен. Сол күні басына оқ тиген белсенді біраз уақыт жансақтау бөлімінде жатты. Одан кейін 11 рет ота жасалды.

Берік Имашевке көмек беруге ниетті азаматтар 8 700 739 4234 (Гульнур М – Каспий банк) нөміріне ақша жолдай алады.

Серіктес жаңалықтары