×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Биыл мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

03.04.2024, 22:54
Фото: Ашық дереккөзден

Алдағы айда 3 мереке бар. Олардың бәрі аптаның ортасына келіп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мамыр – мерекемен басталады. 1 мамырда аталып өтетін Қазақстан халқының бірлігі күні биыл сәрсенбіге түсіп тұр екен. Сол себепті 5 күн жұмыс істейтін азаматтар апта ортасында 1 күн демалып, бейсенбі мен жұмада ары қарай еңбектене бермек. 6 күн жұмыс істейтіндер үшін де сәрсенбі демалыс, одан кейін 2, 3, 4 мамырда жұмыс істейді. 

Айдың екінші аптасында жұмыс күнінен демалыс көбірек болатын сияқты. 5 күн жұмыс істейтіндер 6 мамырда жұмыс істеп, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде мерекені үйден атап өтуге мүмкіндік алады. Содан кейін 8 мамырда 1 күн еңбектеніп, 9 мамырда тағы демалмақ. Ары қарай жұма күні жұмыс істеп, сенбі, жексенбіге жоспар құра берсе болады. 6 күн жұмыс істейтіндер үшін де тек сенбіде демалмайтыны болмасадәл осындай кесте.

Серіктес жаңалықтары