×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қарыз болғаны үшін ұрып-соққан: Алматыдағы күдіктілер қай баппен ұсталғаны белгілі болды

04.04.2024, 09:52
Коллаж: ulysmedia.kz.

Полицияның мәліметінше, қазір күш көрсетіп, озбырлық жасау фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанның ішкі істер министрлігі Алматыда жас жігітті ұрып-соққан күдікті ұсталғанын хабарлады.

– Жігітті ұрған күдікті Алматыда ұсталды. Күш көрсетіп, озбырлық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.

Тағы кім ұсталды?

Сонымен қатар, видеоға түсірген екінші қатысушы қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысқаны үшін ұсталды. Ол да уақытша оқшаулағышқа қамалған.

Тергеу жалғасып жатыр.

Кешелі бері әлеуметтік желіні шарлап, халықтың ызасын туғызған видеодағы тұлғалар анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген еді. Таралып жатқан видеода ересек азаматтың жас жігітті бір бөлмеде ұрып жатқанын көруге болады. Жәбір көрсетушінің жеткіншекке “Брат, мен каратэ-пацанмын” деп айттың ғой” дегенінен сөзге өкпелеп қалғандай ой туады. Ал видеоға түсіріп тұрған азамат “Беттен ұрма, родной” деп басу айтқан сыңай танытады. Әлеуметтік желі қолданушылары жәбір көрсетушілерді жазалауды талап етіп отыр. 

Серіктес жаңалықтары