×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ресейде «Кроус Сити Холлдағы» теракт бойынша үш адам ұсталды

04.04.2024, 18:20
Коллаж: Ulysmedia

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері «Крокус сити холлдағы» терактіге қатысы бар деген күдікпен Мәскеу, Екатеринбург және Омбы қалаларынан үш адамды ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РБК-ның жазуынша, олар Орталық Азия өңірінен келген иммигранттар. 

Мәскеу, Екатеринбург және Омбы қалаларында Ресей азаматы мен екі шетелдік азамат ұсталды, олардың барлығы – 2024 жылы 22 наурызда «Крокус сити холл» кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке қатысы бар Орталық Азия өңірінен келген иммигранттар, - делінген ведомство хабарламасында.

Естеріңізге салсақ, 22 наурыз күні кешке Мәскеудегі Крокус-Ситиде теракт болды. Белгісіз біреулер концерт залына кіре берістегі күзетшілерге оқ жаудырған. Содан кейін олар фойедегі көрермендерді атты. Қаза тапқандар саны жүзден асып кетті. Бұл лаңкестік оқиға ТМД елдеріндегі соңғы жылдардағы ең ірі терактілердің бірі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсететінін айтты.

24 наурызда Мәскеудің Басманский аудандық соты "Крокус Сити Холлда" адамдарға шабуыл жасады деп айыпталғандарды қамауға алды.

Серіктес жаңалықтары