×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Ресейдің Ор қаласында тұрғындар жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

07.04.2024, 10:26
ТАСС

Ресейдің Орск қаласында су бөгетінің жарылуына байланысты жергілікті жұртты жаппай қауіпсіз жерге эвакуациялау басталды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Қазір апат аймағында 700-ден астам құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін қайықтар, дрондар мен тікұшақтар тартылды. Осы уақытқа дейін 4 мың адам көшірілді.

Тасқын судан Орынбор облысында 6 мыңнан астам үйді су басты. Өңірде төтенше жағдай режимі жарияланған. Билік өкілдерінің айтуынша, мұндай су тасқыны облыс аумағында соңғы 100 жылда тіркелмеген.

Айта кетейік, Ор қаласының плотина серпілісі Орынбор облысының шығысында Қостанай облысына жақын орналасқан.

Бұған дейін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ресей тарапымен тікелей байланыс ұстап, тәулік бойы жедел ақпарат алмасу жүріп жатқанын хабарлаған болатын.

Кеше ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ресей су ресурстары федералды агенттігінің басшысы Дмитрий Кирилловпен телефон арқылы тұрақты байланыста екенін, тараптар гидротехникалық нысандардың апатсыз жұмысын қамтамасыз ету үшін екі елдің шекаралас аймақтарындағы су тасқыны жағдайын жіті бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

 

Серіктес жаңалықтары