×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Су басқан үйлерде ұрлық тіркелді ме

07.04.2024, 14:22
gov.kz

Қызыл судан зардап шеккен аумақтарда күзет күшейтілді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Соның арқасында ұрлау-тонау деректері тіркелген жоқ. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев мәлімдеді.

Оның айтуынша, табиғи апаттан зардап шеккен 39 аудан қоршауға алынды. Қараусыз қалған 1266 тұрғын үй мен түрлі нысан тәулік бойы күзетіледі.

Әсіресе, Абай, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік және  Батыс Қазақстан облыстарында жағдай жіті бақылауға алынды.
 

Серіктес жаңалықтары