×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Диагноз «жедел жәрдем келгенше көз жұмды»: Бишімбаевтың сотында дәрігер жауап берді

08.04.2024, 17:20
Коллаж: ulysmedia.kz.

Былтыр 9 қарашада "Бао" мейрамханасына шақыру бойынша келген жедел жәрдем қызметкері Нұрлан Мұхамединов бүгін сотта айғақ берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дәрігердің жауабы

– Вип-залға кірсек, диванда үстіне көрпе жабылған киімсіз әйел жатыр екен. Дереу тексеруге кірістік. Еденге жатқызып, бірден реанимациялық шараларды бастадық. Осы кезде екі адам сөйлесіп тұр екен, мен олардың араласпай, сыртқа шығуын өтіндім. Олар Бишімбаев пен Байжанов болды, сыртқа шықты. Мен жүрек реанимациясын бастадым. Көмекші жабдықты қосуды сұрады. Науқас ес-түссіз жатты, тамыр соғысы сезілмеді, магистральдық тамырларда да. Тыныс алу мен жүрек соғысы болмады, терісі бозғылт тартып, денесі суып кеткен екен, көзінің қарашығы кеңейіп кетіпті, - деді медицина қызметкері.

Ол Салтанаттың денесінде көрген дене жарақаттарын тізім айтты.

– Көрген дене жарақаттары: бетінде, мұрнында, иегінде жарақат болды, параорбитальды аймақтағы гематомалары көрінді. Жамбас және төменгі аяқтың гематомасы байқалды. Мониторда толық асистолия көрсетілді, ол жүрек қызметінің толық тоқтағанын көрсетті. Байжанов оның төлқұжатының деректерін, ЖСН нөмірін берді, мен деректерді тіркеп, аға дәрігерге жедел жәрдем келгенге дейін мәйіт диагнозын айттым, - деді дәрігер.

Содан кейін ол 102 нөміріне қоңырау шалып, қайтыс болған адамның денесіндегі дене жарақаты және қылмыстық іс бойынша күдік туралы хабарлаған.

Медицина қызметкерінің айтуынша, вип-кабина шашылып жатқан, еденде шарап бөтелкесі кһрінген, үстел дұрыс тұрмаған.

– Көзі ашық, аузы жабық, жақ жабық болды. Ауызы еппен ашылды. ( ... ) Мәйіт дақтары болған жоқ", - деді ол.

Бишімбаевтың адвокаттары дәрігерден қарашығы орнында болды ма деп сұраған, ол орнында болғанын айтты.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары