×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

ҚТЖ директорлар кеңесі құрамына Наталья Годунова кірді

09.04.2024, 10:41
gov.kz

Наталья Годунова Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының директорлар кеңесінің құрамына кірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Наталья Годунова ҚТЖ тәуелсіз директоры атанды.

Ұлттық компанияның директорлар кеңесіне Айдар Рысқұлов, Нұрлан Сауранбаев, Елдос Отыншиев, Ернат Бердігұлов, Қуат Ирубаев, Ульф Вокурка, Александр Ширхубер және Джон маккейн кіреді.

Наталья Годунова 1972 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын және Ресей үкіметі жанындағы қаржы академиясын бітірген.

Еңбек жолын Орал қаласында Агроөнеркәсіп банкінің экономисі болып бастаған. Наталья Годунова атқарған лауазымдардың қатарында Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, Қазақстанның Ресей федерациясындағы сауда өкілі, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, "Нұр Отан" партиясының хатшысы, есеп комитетінің басшысы бар.

2022 жылдың қараша айының соңынан 2024 жылдың сәуіріне дейін Годунова жоғары аудиторлық палатаны басқарды. Бұл лауазымға оның орнына бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайылов келді.

Серіктес жаңалықтары