×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Шахтинскте әйел 8-қабаттан құлап кетті

09.04.2024, 11:26
Фото: Скриншот

Шахтинск қаласында көпқабатты үйлердің бірінде 44 жастағы әйел тоғызыншы қабатта орналасқан балконнан құлап кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Болған жайттың 8 сәуірде тіркелгенін Қарағанды облысы полиция департаменті растайды. Алайда департамент әйел секіріп кетті деп жазады.

– Алған жарақаттарының салдарынан ол көз жұмды. Бұл факт полицияда тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Қайғылы жайттың кадры әлеуметтік желіде тарап жүр. Алайда одан әйелдің секіргені емес, сегізінші қабаттан жетінші қабаттағы балконға түсіп бара жатқан сәті көрінеді. Бір сәтте қолы шығып кетіп, әйел құлап кетеді.

“Бұл жалдамалы пәтер, Райка сол пәтермен айналысады” дейді түсіріп тұрған адам. Төмен жақта құтқарушыларды көруге болады. 

Серіктес жаңалықтары