×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

Ораза – 2024: Айт намазының кестесі жарияланды

09.04.2024, 12:20
Ораза – 2024: Айт намазының кестесі жарияланды
Коллаж: Ulysmedia

10 сәуір – Ораза айт мейрамы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана және Шымкент қалаларында айт намазы 10 сәуірде сағат таңғы 7.00-де, ал Алматы қаласында сағат таңғы 6.30-да оқылады.

Ораза айт – қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, қайырымдылықтың мерекесі.