×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Жайнагүл Төлеміс «Хабар» арнасының директоры қызметіне тағайындалды

09.04.2024, 19:36

Белгілі журналист Жайнагүл Төлеміс «Хабар» арнасының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жайнагүл Төлеміс 1984 жылы 8 мамырда Ақтөбе Шалқар ауданы Айшуақ ауылында дүниеге келген. Бек Сүлейменов атындағы орта мектептің түлегі.

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да журналистика мамандығын бітірген, осы университеттің PhD докторанты. Колумбия өнер және ғылым колледжінің «Медиа және коммуникациялық зерттеулер» мамандығы бойынша түлегі. Американың Джордж Вашингтон университетінің Медиа және саяси стратегиялық коммуникациялар факультетін бітірген.

Шығармашылықтағы алғашқы қадамын Ұлттық арнадан бастаған. 12 жыл ішінде арнаның аймақтағы тілшісінен Астанадағы аға жүргізуші-тілшісіне дейінгі қызметте еңбек еткен. Медиасаладағы бірқатар жүлденің иегері. Журналистерге арнап шеберлік дәрісін өткізіп, тәжірибесін бөлісіп жүрген білікті маман.

Серіктес жаңалықтары