×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Тәжікстандық Астанада теракт жасауды жоспарлаған»: күдікті қамауға алынды

10.04.2024, 14:16
Фото: BAQ.KZ

Астана тұрғыны жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ол «102» арнасына телефон соғып, Тәжікстан азаматының пәтерінде теракт ұйымдастырмақ болғанын айтқан. Ақпарат расталмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана қалалық ІІД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жалған хабарлама берген 41 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Осы факті бойынша терроризм актісі туралы жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жалған ақпарат хабарлаған азаматтың орташа дәрежедегі мас күйінде болғаны анықталып, ол Астана қалалық ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Тәжікстан Мәскеудегі терактіге өз азаматтарының қатысы барын жоққа шығарды

Мәскеудегі теракт

22 наурызда қарулы лаңкестер "Крокус Сити Холл" концерт залына басып кіріп, "Пикник" тобының қойылымын тыңдауға келген адамдарға оқ жаудырды. Осыдан кейін ғимаратта жарылыстар естіліп, өрт шықты. Ресей тергеу комитеті (РТК) 60-тан астам адамның қайтыс болғанын әрі бұл көрсеткіш артуы мүмкін екенін хабарлады. РТК террористік акт туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Кремль Ресей қауіпсіздік қызметі, ішкі істер министрлігі, тергеу комитеті, төтенше жағдайлар министрлігі, росгвардия басшылары Владимир Путинге "Крокустағы" шабуылға қатысты тергеу барысы жөнінде баяндағанын хабарлады.

Бүгін таңға жуық "Крокустағы" шабуылдан зардап шеккендердің бәрі оқиға орнынан эвакуацияланғаны жөнінде ақпарат пайда болды. Тікұшақтар өртті сөндіру жұмыстарын аяқтаған. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Мәскеудегі теракттан қаза болған адам саны 60-тан асқан.

Серіктес жаңалықтары