×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қайрат Сатыбалды мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтаратын болды

11.04.2024, 13:51
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істі қарау шеңберінде сот прокурордың өтініші бойынша сот процестік келісім жасасу үшін қосымша мерзім беру туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Атап айтқанда, сотталушының жалпы сомасы 50 млрд теңгеден асатын қосымша мүліктік активтерін мемлекет пайдасына қайтару туралы мәселе қаралуда. Бұған дейін хабарланғандай, тергеу барысында Қ. Сатыбалдыұлы өз кінәсін толық мойындап, қылмыстық жолмен алынған мүлікті ашуға ықпал еткен. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотталушының және онымен байланысты тұлғалардың жалпы сомасы 732 млрд теңгеден астам мүліктік активтері мен ақшалай қаражатын мемлекет пайдасына (әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс үйлер, пәтерлер мен автокөліктер, компаниялардағы акциялар мен қатысу үлестері, теміржол жолдары мен ақшалай қаражат, шетелдік мүліктерімен қоса) қайтаруды қамтамасыз етті. Айта кетейік, осы тұлғаға қатысты салық төлеуден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтару фактісі бойынша тергеу жалғасуда, – деп хабарлады антикор.

Қылмыстық іс

2022 жылдың қыркүйек айының соңында Қайрат Сатыбалды алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны және өзге де айыпталушыларды «Көлікке қызмет көрсету орталығы» кәсіпорнынан 28 миллиард теңгеден астам ақшаны ұрлап, «Қазақтелеком» компаниясына 12 миллиард теңгеден астам материалдық шығын келтіргені үшін кінәлі деп тапты.

2023 жылдың қазан айында «Антикордың» сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы Қанат Сүлейменов Сатыбалдының жалпы құны 300 миллион долларды құрайтын мүлкі мемлекетке қайтарылғанын хабарлады.

Бұған дейін Өскеменнің №2 соты Нұрсұлтан Назарбаевтың жиенін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмаған болатын. Сот «сотталғанның мінез-құлқы мінсіз емес, оны алған жазасы мен киім үлгісінің бұзылуы дәлелдейді» деген қорытындыға келді.

Серіктес жаңалықтары