×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75% деңгейінде қалдырды

12.04.2024, 12:08
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,75% деңгейінде сақтау жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жылдық инфляция төмендеген, десе де...

Ұлттық банктің хабарлауынша, ақпан мен наурызда жылдық инфляция төмендеу үрдісін жалғастырған.

– Алайда ол баяу қарқынмен төмендеді. Инфляциялық күтулер біршама әлсіреді. Бірақ, мейлінше, жоғары деңгейде қалды. Сыртқы инфляциялық жағдай бейтарап түрде қалыптасып отыр. Әлемдік нарықтарда астық бағасы төмендеп келеді. Ішкі экономикада орнықты ішкі сұранысқа және тұрақтанбаған инфляциялық күтулерге байланысты инфляциялық қысым сақталды, – деп хабарлайды ҰБ.

Инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа жету үшін ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет деп есептейді реттеуші банк. Қазіргі жағдайда ақша-кредит саясатын жеңілдетуге арналған кеңістік әлі де шектеулі. Оның қалыптасуы инфляцияның орнықты бөлігінің тұрақты түрде баяулауына байланысты.

– Жылдық инфляция 2024 жылдың наурыз айында 9,1%-ға дейін баяулап, болжамды траекториядан біршама жоғары қалыптасты. Ауытқу құбылысы тұрғын үй-коммуналдық қызметтер (ТКҚ) бағасының мейлінше тез өсу әсерінен орын алып отыр. Ұстамды қатаң ақша-кредит саясаты мен астықтың әлемдік бағасының төмендеуі – инфляцияның төмендеуіне септігін тигізіп отыр, – делінген хабарламада.

Халық әлі де инфляция болады деп есептейді

Айлық инфляция алдыңғы айдағы күрт өсуден (1,1%) кейін наурызда 0,7%-ға дейін баяулады. Бірақ орташа тарихи мәндерінен жоғары (0,6%) қалыптасты. Базалық және маусымдық факторлар ескерілмеген инфляция көрсеткіштері ұқсас динамиканы көрсетіп отыр. Яғни ақпан айында күрт үдеуден кейін наурыз айында айтарлықтай төмендеген.

– Халықтың инфляциялық күтулері біршама төмендеді. Алайда күтулер әлі де жоғары деңгейде.  Бұл негізінен тамақ өнімдері, ТКҚ мен жанар-жағармай (ЖЖМ) бағасының өсуіне байланысты. Сыртқы инфляциялық жағдай бейтарап түрде қалыптасып келеді. Наурызда негізінен өсімдік майы бағасының көтерілуі есебінен әлемдік нарықтарда азық-түлік құны аздап өсті. Экспорттаушы елдерде жиналған өнімнің есебінен және теңіз арқылы сауда жолдарының үздіксіз жұмыс істеуіне байланысты астық бағасы төмендеп келеді. Мұнай бағасы базалық сценарийден сәл жоғары қалыптасып отыр. Бұл Қазақстанның сауда балансына оң әсер етеді. Алайда, мұнайдың жоғары бағасы сыртқы инфляциялық әсердің артуына себеп болуы мүмкін, – делінген хабарламада.

Сыртқы ақша-кредит жағдайлары қатаң қалпында қалған. 2024-2025 жылдары АҚШ ФРЖ мөлшерлемелерді мейлінше ұстамды түрде төмендетеді деп күтілуде. Сонымен бірге, ЕОБ 2024 жылы экономикалық өсім мейлінше әлсіз болады деген күтуге қарамастан, инфляция ортамерзімді нысанаға қайтарылғанша тежеуіш ақша-кредит шарттарын сақтауды жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары