×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

«Бойы – 165 см, салмағы – 68 кг»: Юрий Гагарин туралы құпия құжат жарияланды

12.04.2024, 17:18
Коллаж: grozny.tv

Бүгін, 12 сәуір – посткеңестік елдерде Ғарышкерлер күні. Мерекеге орай Ресей Қорғаныс министрлігі Юрий Гагарин туралы мұрағаттық құжаттарды бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құжатта аға лейтенант Юрий Гагарин туралы әуе күштерінің ғарышкерлерді даярлау орталығында болған кезінде берілген қызметтік сипаттамасы жарияланған.

Ақпаратта оның денсаулық жағдайы, тыныш және көңілді сипаты, планетаның алғашқы ғарышкерінің көпшілдігі мен оптимизмі туралы айтылған, – делінген Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің Telegram-арнасында.

2009 жылы құпиясыздандырылған сипаттамаға сәйкес, Гагариннің бойы 165 см, салмағы 68 кг болған. Баскетболда жақсы көрсеткіштерге ие екені айтылған. Жалпы, ғарышкердің физикалық көрсеткіштері жақсы деп сипатталған. Сондай-ақ оның интеллектуалды дамуы өте жақсы деп бағаланған. Оның көпшілдігі, оптимистілігі, әзіл-қалжыңды көтере алатындығы айтылған.

Юрий Гагарин туралы тың ақпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2024 16:49

Серіктес жаңалықтары