×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Су тасқыны: Air Astana арнайы тариф енгізеді

13.04.2024, 08:57
Ашық дереккөзден

Air Astana тобы су тасқыны кезінде ұшақ билетіне арнайы тариф енгізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әуе компания Air Astana және FlyArystan 13-24 сәуір аралығында Атыраудан Алматы мен Астанаға ұшатын рейстерге су тасқыны кезеңінде арнайы тариф енгізетінін мәлімдеді. 

«Аталған тарифтің құны бір жаққа эконом-класта 40 000 теңге. Сондай-ақ FlyArystan Атыраудан Шымкент, Ақтау және басқа қалаларға рейстерге арнайы тарифтерді уақытша енгізбек»,- деп хабарлады компаниядан.

Бұған дейін Air Astana тобы 9-18 сәуір аралығында Атыраудан Алматы, Астана, Ақтау және Шымкент қалаларына 33 қосымша рейс ұйымдастырылғанын жеткізген еді.

Естеріңізге салсақ, Air Astana бұған дейін батыстағы үш қалаға алынған әуе билетінің ақшасын толық қайтаратын хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары