×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Ирикла су қоймасынан қауіп қандай

13.04.2024, 15:43
Ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында «Қазсушар» РМК-ның су қоймалары 77,3 пайызға толып, 391,7 млн текше метр су жиналды, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалынан мәлім еткеніндей, Ресей Федерациясының Орынбор және Саратов облыстарындағы су шаруашылығы қызметтерімен күн сайын ақпарат алмасылуда.

Ресейліктердің мәліметіне қарағанда, Саратов облысындағы Приузен су қоймасынан Қараөзенге секундына 23 текше метр су жіберілуде. Қазіргі таңда Қараөзен мен Сарыөзенге 400 млн астам текше метр су алынды.

«Орал қаласында Шаған су қоймасында су деңгейі 29,60 метрді көрсетіп тұр. Тасқын су имарат арқылы еркін өтіп, Жайық өзеніне құйылуда. Ал Орынбор облысында орналасқан Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне секундына 447 текше метр су босатылуда. Жайықтың Орал қаласы тұсындағы деңгейі бүгін сағат 08.00-де 743 сантиметрге жетті (тәуліктік өсім – 7 см, қауіпті деңгей – 850 см). Облыстың бас өзенінен Жайық-Көшім жүйесіне секундына 107 текше метр су түсуде. Филиалдың су шаруашылығы нысандарында жағдай тұрақты», - деп хабарлады ведомстводан. 

Естеріңізге салсақ, бұған дейін «Қазгидромет» мекемесі бас директорының орынбасары Серік Саиров Батыс Қазақстан облысына Ресей аумағынан тасқынның екінші кезеңі келе жатқанын мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары