×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Құлсарыда тағы бір адамның мүрдесі табылды

14.04.2024, 15:35
Құлсарыда тағы бір адамның мүрдесі табылды
Коллаж Ulysmedia

Бүгін Құлсарыда жоғалып кеткен екінші адамның, яғни 24 жасар жігіттің мүрдесі табылды. Атырау облыстық төтеше жағдайлар департаментінен мәліметіне сүйенсек, мүрде тасқын судың астында жатқан, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Бүгін, 14 сәуірде сағат 13:40-та 2000 жылғы ер адамның мүрдесі тұрғын үйінен 1 шақырым қашықтықтан табылды. Мүрде тасқын судың астында 1,5 метр тереңдіктен табылды», - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобы. 

Айта кетейік, бүгін таңертең 6 сәуірде жоғалып кеткен ер адамның денесі табылған болатын. Түстен кейін баласының мүрдесі табылып отыр.

Бұған дейін ер адамның ұлымен бірге су басқан үйін көруге шыққаны, бірақ оралмағаны хабарланған болатын. Кейін олардың көлігі табылған еді.

Марқұмның қызы құзырлы органдар жоғалған адамдарды іздемейтінін алға тартты. Осыдан кейін қосымша күштер тартылған-ды.

6 сәуірде сағат 17:52-де Атырау облысы ТЖД-ға 48 жастағы ер адам мен оның 24 жастағы ұлы Құлсарыдағы су басқан үйді тексеруге шығып, қайтып оралмағаны туралы хабар келіп түскен.

"Хабарлама түскен бойда құтқарушылар аталған мекен-жайға барды. Келген кезде үйдің есігі көбікпен жабылғаны анықталды. 6 сәуірде сағат 20:57-де құтқарушылар жүзу құралдарының көмегімен тәулік бойы іздеу жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 7 сәуірде Құлсарыда екі адамның денесі табылған еді. 6 сәуірде 1974 жылы туған ер адам досымен бірге тиісті рұқсатсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен кетіп, жолда, аударылған.

9 сәуірде сағат 12:27-де Құлсары қаласында "Рамазан" дүкенінің жанында Атырау облысы ТЖД құтқарушылары судан ер адамның мәйітін тауып алып шықты.