×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Астана маңындағы ауылдарға су жиналып жатыр – бас қалаға қауіп бар ма

15.04.2024, 13:19
Фото: kk.wikipedia.org

Әлеуметтік желілерде Астана мен оның маңындағы елді мекен тұрғындары су жиналып қалған немесе жұртшылықтың жиналып бөгет жасаған видеоларын бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кейбір жазбаларда тасқын судан Астана қаласына да қауіп төніп тұрғаны айтылып жатыр. Осы орайда Ulysmedia.kz порталы ақпараттың растығына көз жеткізу үшін елорда әкімдігіне хабарласып көрген. Ондағылар Ақмола облысы әкімдігіне бағыттады. 

Ақпарат шындыққа жанаспайды

Облыстық ТЖД әлеуметтік желіде айтылып жатқан сөздер шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Ақмола облысы Целиноград ауданының Қаражар және Ақмол елді мекендері арасында орналасқан АЛВА лиманды суару жүйесінің бөгеті қатты толқындардың салдарынан толып кеткен болатын.

Облыстық ТЖД жеке құрамы мен жергілікті атқарушы органдар шұғыл түрде оқиға орнына жіберілген, сондай-ақ Қаражар және Қараөткел ауылдарының тұрғындары да көмекке келген. Барлық жұмылдырылған күштер бөгеттің суға толып кетуін болдырмады. Қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, – деді Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерлан Молдаханов.

Оның айтуынша, бүгінгі күні, 15 сәуірде АЛВА лиманды суару жүйесінің бөгетінде 60 адамнан тұратын Мемлекеттік күзет қызметі отрядының күшімен бөгеттің ішкі бөлігін қапшықпен нығайту бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Астананы су басуы мүмкін деген ақпаратты облыс әкімдігі жоққа шығарады.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары