×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Бишімбаевтың адвокаттары Ресей мамандарына жасатқан сараптама қорытындысын жариялады

16.04.2024, 15:58
Бишімбаевтың адвокаттары Ресей мамандарына жасатқан сараптама қорытындысын жариялады
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Бүгінгі сотта адвокат Назкен Құсайынова Ресейден келген сарапшылардың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресей мамандарының қорытындысы

Бишімбаев сотында Ресей мамандарының сот медициналық сараптамасы оқылды. Сотталушының адвокаттары оған сүйене отырып, Салтанат Нүкенованың басынан қан кетуінің себебі өлімнен 3-4 апта бұрын пайда болған жарақат болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Бұл қорытынды бұрын айтылған қазақстандық сарапшылардың тұжырымдарына қайшы келеді.

– Торлы қабық астына қан құйылуының етек алуы субдуральды қанды ісіктен қанның кетуіне, содан кейін оның жарылуына және субарахноидты кеңістіктің қалыптасуына әкеп соққан. Сот-медициналық тәжірибе мен қазіргі заманның медицина ғылымының деректері қалыптасар алдында субдуральды жарақаттан қан кетіп, жарылуына тіпті шамалы травматикалық әсер де ықпал ете ететіні белгілі, – дейді сараптама қорытындысын оқыған Құсайынова.

Айыптау тарапы да, жәбірленушінің адвокаттары да Ресей мамандарының сараптамасының қорытындысын істен мүлде алып тастауды сұрайды.

Судья ресейлік сарапшылардың қорытындысын дәлел деп санауға бола ма деген шешім қабылдау үшін үзіліс жариялады. 

Прокурордың өтініші

Еске сала кетейік, бүгінгі сотта дәл осы мәселе қаралған. Қуандық Бишімбаев тарапы өз бастамаларымен Мәскеуде жеке сот медициналық сараптама жасатқан. Прокурор Айжан Аймағанова оны істен мүлде алып тастау жөнінде судья Айжан Құлбаеваға өтініш жолдады. Аймағанованың сөзінше, Бишімбаев тарапынан басқа жеке сараптама жасалып жатқанынан құзырлы органдар хабарсыз болған. Ал ол сараптама қорытындысы өтірік болып шыққан жағдайда Ресей азаматтарын ешқандай жауапкершілікке тарту мүмкін емес. Прокурордың бұл өтініші жәбірленуші тарапы да қолдады.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді. 9 сәуірдегі отырыста сотта Бишімбаевтың ұсталған сәтінен видео көрсетілді. Видео оқиға орнына барған полиция қызметкерінің видеожетонына түсірілген.

10 сәуірде өткен сотта судья Айжан Көлбаева БАҚ пен әлеуметтік желіге 9 сәуірде алқа билердің суреті тарап кеткенін мәлімдеді. Ол бұлай болмайтыны БАҚ өкілдеріне ескертілгенін, сол үшін тиісті тексеру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Тексеру жұмысының қорытындысы шыққанша сот залына журналистерді кіргізбеу жөнінде шешім қабылдады.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.