×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Шенеуніктерді жауапқа тартпаса, жалғаса береді – Зайытов су тасқыны жайлы

Коллаж: Ulysmedia

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында тосыннан келген топан суды қанша жерден табиғи құбылыс десек те, апатқа кінәлі адами салғырттықтар да бар екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның пікірінше, бұрынғы биліктің жақтастары жасаған қастандыққа жол бермей келе жатырмыз.

Дәлелімен айтсақ, Атырау облысы мен Құлсары қаласының маңынан заңсыз салынған су бөгеттері, жергілікті биліктің көктемгі су тасқынына әлсіз әзірленгені, сын сағатта абдыраған жұрттың әрекетін үйлестіре алмауы да осындай салдарға әкеліп соқты.

Жергілікті билікпен жауапты министрліктер оған дейін дабыл қаққан әріптестерім Д. Тұрғанов, Б. Базарбек Жылой аудандық мәслихатының депутаты С. Сәрсенбаевтардың депутаттық сауалдарына бейжай қарағаны да бұл апаттың бір себебі деуге әбден болады.

«Бөренеден аттаймыз» деп есеп беріп, сіріңкеге сүріне беретін мемлекеттік органдардың шалағайлығы жауапқа тартпаса жалғаса береді ғой, - дейді Мәжіліс депутаты.

Зайытовтың айтуынша, жұмысты бір-біріне сілтеп отыратын қызметкерлер мен жергілікті ірі компаниялар әрекеттері жазалануы тиіс.

Екіншіден, апат салдарынан зардап шеккен халық өз шығындарының қалай есептеліп, қалай өтелетінін әлі де толық білмейді, өйткені, шаралардың нақты алгоритмі жасалмаған, Комиссия қалай құрылып, қалай жұмыс жасайтыны жайлы халыққа дұрыс хабарланбаған. Сол себептен Комиссия жұмысын жеңілдетіп, халықпен тікелей байланыстыру мақсатында оның құрамына ел сеніміне ие болған жергілікті белсенді азаматтарды қосу керек деп есептейміз.

Үшіншіден, апат болған аймақтардың тұрғындарына уақытша несиелік каникулдарды жан-жақты қарастыруды сұраймыз.

Сонымен қатар баспанасынан айырылған азаматтарды оңтайлы орналастыруды жеделдетуді сұраймыз, - деді депутат.

Мәжілісмен мұндай арсыз арандатудың жетегінде кетпейтінімізге үміттенетінін жеткізді.

Абай мен Қостанайда болған отты опатта да, бүгінгі болып жатқан топан су топалаңында да Қазақстан халқы өзінің бағалы бірлігі мен темірдей төзімін танытты.

Міне, осы төзім мен бірліктің арқасында біз бәріміз бұрынғы биліктің жақтастары жасаған қастандықты да, мемлекет тұтастығын бұзғысы келетін сайқал саясаттарын да іске асыруға жол бермей келеміз.

Бұл – ұлы ерлік!

Ендігі кезекте арсыз арандатудың жетегінде кетпей, жұдырықтай жұмылып, тәуелсіздікті сақтау жолында малын да, жанын да құрбан етіп жатқан, халықтың талап-тілегі тиісті деңгейде орындалады деген үміттеміз, – деп қорытындылады ол.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген. Солтүстік Қазақстанда су өзеннен тасып,  облыс орталығының бірнеше ауданын су басты.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары