Ол адам саудасымен айналысқан. Қазір оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Не болды?
Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді астаналық полицейлер ұстады деп мәлімдеді Астана қаласының полиция департаменті. Ол "Бөгет” жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде қолға түскен.
"Өзбекстан Республикасының 42 жастағы азаматы 10 жыл бойы адам саудасы үшін іздеуде болды. Іздеу бастамашысыТашкент облысы ІІБ. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды",-деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.
Бірнеше күн бұрын Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды. Ол 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Тәжікстан азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қарулы қақтығыстарға немесе басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери әрекеттерге заңсыз тартқаны және қатыстырғаны үшін іздестірілген.