×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Салтанат өлім аузында жатқанда жеке жедел жәрдем шақыруды ұсынған дәрігер жауап берді

18.04.2024, 10:29
Фото: Скриншот

Астанада әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бүгін сотта дәрігер-неонатолог Ерсұлтан Сәрсенбаев жауап берді. Оған 2023 жылдың 9 қарашасында түстен кейін Салтанат өлім аузында жатқанда Байжанов қоңырау шалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Куәгердің жауабы

Ерсұлтан Сәрсенбаев Ана мен бала орталығының дәрігер-реаниматолог. 2023 жылдың қазан айында, қайғылы оқиғадан он шақты күн бұрын Бақытжан Байжановпен танысқан.

– 9 қарашада түстен кейін ұйықтап жатқанымда маған Бақытжан қоңырау шалып, «адам мас кезінде ұзақ ұйықтауы мүмкін бе?» деп сұрады. «Жеңеше масайып, ұйықтап қалды» деді. Қаншалықты ішкенін сұрап едім, «таңертеңге дейін» деді. «Мен нарколог емеспін, бірақ масайған кезде ол да қауіпті, жедел жәрдем шақырыңдар» деп айттым. Оянғасын Бақытжанға қоңырау шалып, не болды деп сұрадым. Бақытжан әлі ұйықтап жатқанын айтты. «Бақытжан, оның жағдайы жақсы ма өзі? Төбелес болды ма?» деп сұрадым. Бақытжан «бір көзі қызарған, таңға дейін ішкен» деді. 

Бақытжан «бізге келіп, қарай аласың ба?» деді. Мен келе алмайтынымды айттым. «Сен жедел жәрдем шақыра аласың, Қазақстанда жеке жедел жәрдем де бар» дедім. Осыдан кейін әңгіме болған жоқ. Кешке қоңырау шалды ғой деймін. Мен жұмыста болдым. Мен сол кезде «жұмыстамын, жедел жәрдем шақырыңдар» дедім. Білуімше, 40 мың теңгеге жеке жедел жәрдем келетіні бәрі білетін шығар, – дейді ол.

Ерсұлтан Сәрсенбаев Бақытжан Байжановқа “көп ішкен де қауіпті” екенін ескерткенін айтады. Байжанов нашатыр спиртін алуға Ерсұлтан Сәрсенбаев кеңес бермегенін айтты. Байжанов оған жеңгесінің қорылдап жатқанын айтқанын жеткізді. Сұрақ-жауап барысында прокурор Сәрсенбаевтың тергеу кезінде берген жауабын оқып, “жеңгесі мен ағасының салғыласқанын, жеңгесінің көзі қызарғанын айтты” деген сөзіне есіне салды. Сәрсенбаев тергеу кезінде берген жауабын растады.

Сәрсенбаев Байжанов Бишімбаевтың бауыры болғанынан, шын мәнінде Гастро-орталықтың иесі Бишімбаев екенінен хабарсыз болғанын айтады.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді. 9 сәуірдегі отырыста сотта Бишімбаевтың ұсталған сәтінен видео көрсетілді. Видео оқиға орнына барған полиция қызметкерінің видеожетонына түсірілген.

10 сәуірде өткен сотта судья Айжан Көлбаева БАҚ пен әлеуметтік желіге 9 сәуірде алқа билердің суреті тарап кеткенін мәлімдеді. Ол бұлай болмайтыны БАҚ өкілдеріне ескертілгенін, сол үшін тиісті тексеру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Тексеру жұмысының қорытындысы шыққанша сот залына журналистерді кіргізбеу жөнінде шешім қабылдады.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары