×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда мамырда күн 40 градусқа дейін ысиды

18.04.2024, 18:09
Freepik

Синоптиктердің болжауынша, айдың көп бөлігінде жоғары температуралы күндер басым болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қазгидромет" РМК мамыр айында жазғы атмосфералық процестерге көшу барысы жүріп жатқанын хабарлады.

"Оңтүстік аймақтардағы көпжылдық мәліметтерге сәйкес, аяз, шық түсетін күндер айдың бірінші жартысында, ал солтүстік аймақтарда айдың соңында аяқталады, бірақ кей өңірде айдың соңында және тіпті маусымда болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Айдың көп бөлігінде температура фоны жоғары күндер басым болады деп күтілуде:

- республиканың солтүстік жартысында күндіз ауа +25+35°C дейін жылынуы мүмкін;

- оңтүстік жартысында +30+40°C дейін.

Суық толқындарда ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

- елдің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, сондай-ақ оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында түнде -5+5°C дейін, күндіз + 10 + 15°C дейін;

- Қазақстанның батысында және оңтүстік жартысында-түнде +5 + 15°C дейін, күндіз +16 + 26°C дейін. 

Мамыр айында орташа айлық ауа температурасы республиканың көп бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, елдің батыс аймақтарында нормаға жақын болады деп күтілуде.

Серіктес жаңалықтары