×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

“Көз тиген бе, бірдеңе?” Зайытов Ұлттық құраманың бас бапкерін ауыстыруды ұсынды

18.04.2024, 21:00
kff.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиевтің жұмысын сынға алды деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Зайытов не деді?

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов (әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі) төменгі палатаның комитет отырысында футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиевтің жұмысын сынады. Депутат өз сөзін “футбол жанкүйері ретіндегі өтінішім” деп бастады. 

“Бас бапкеріміз көз тиген бе, бірдеңе... “Ахматта” ойнаса да жеті гол кіргізеді. Бізде ойнаса да бес гол кіргізеді. Осы кісінің біліктілігі жайлы көтеріп, ауыстыру керек сияқты” - деді Зайытов. 

Бұған дейін Магомед Адиев “Ахмат” футбол клубының бас бапкері болып тағайындалған еді. Алғашқы ойында оның командасы өз қақпасына жеті гол өткізіп алған. Клуб Ресей футбол лигасында өнер көрсетеді. Ал, Магомед Адиев аталған ұжымды Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге жаттықтыра беретіні белгілі болған.  

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының осы жазда Германияда өтетін Еуропа чемпионатына баруға мүмкіндігі болған. Бірақ Ұлттық құрама шешуші ойында Грекия құрамасынан 5:0 есебімен жеңілген еді. Зайытов осыны меңзеп отыр.  

Серіктес жаңалықтары