×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

“Мектептерге кіріп, балаларды өлтіруге дайынмын.” Желіде тараған жазбаға қатысты полиция мәлімдеме жасады

18.04.2024, 23:34
Астана қаласының ПД

Телеграмм арналардың бірінде әлдебіреудің Астана мектептеріне шабуыл жасайтыны туралы жазба тарады деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Жазбада әлдебіреу Астана мектептеріне шабуыл жасауға дайын екендігін айтып, қарудың суретін жариялаған.  

“Ертеңді күту ғана қалды. Мен сендерді ешқашан ұнатпадым. Түкіргенім бар... Бәріңнің өмірлеріңді қиямын” - деп жазған белгісіз адам.  

Астана қаласының полиция департаменті жазбаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ осы сипаттағы жалған хабарлама таратқандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлады.  

“Естеріңізге сала кетейік, дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 5 жылға бас бостандығынан айыру көзделген” - деп жазды Астана қаласының полиция департаменті. 

Серіктес жаңалықтары